Ақтөбелік Жақсылық пен Әмина үшін бүгін ерекше күн. Саяси науқанмен қуаныштары қатар келді. Жарты ғасырдан бері жұбы жазылмаған мерейтой иелері 5 бала тәрбиелеп, шөберенің қолынан су ішіп отыр. Ұрпағының болашағы үшін референдумға келіп, таңдауын жасады.
ЖАҚСЫЛЫҚ АЙЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жанды қайта жүрегімдегі көмген үн, тәуелсіздігім шын бақыттымын сен менің, деп өзімнің бар ғұмырымдағы бақытты кезеңдер осы тәуелсіздік арқылы келді. Сондықтан елімізге бақыт тілейміз. Біз ертеңге сенеміз, сол үшін халқымыздың болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз.