$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Зейнеткерге шабуыл жасалды

Зейнеткерге шабуыл жасалды
полиция

Павлодар облысының полициясы тападай тал түсте азық-түлік көтеріп келе жатқан әжені тонағысы келіп, оған подьезде шабуыл жасаған ер адамды лезде ұстап, изоляторға қамады.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 наурыз күні болған. Полиция күдіктіні ұстау үшін кешенді іс-шаралар өткізген.

«11 наурыз күні полицияға тонау әрекеті туралы хабарлама түсті. Камзин көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде, кейін подъезінде белгісіз ер адам зейнеткердің азық-түлік салған пакеті мен әмиянын тартып алуға тырысқан. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел қызметкерлер күдіктінің қашу бағыттарын, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді. Соның арқасында бұрын сотты болған Екібастұз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Аталған факті бойынша тонауға оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.