Жамбылда әскери бөлім аумағын күзететін қарауыл өз бастығын атып өлтірді. Қайғылы оқиға Отар әскери гарнизонында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, әскерилендірілген күзет қызметі жұмыста тұрып әріптесіне абайсызда мылтық атып алған көрінеді. Қатты жараланған қарауыл бастығы, көп ұзамай көз жұмған. Қазіргі таңда бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті күзетші қамауға алынып, қару сараптамаға жіберілген.
ҚР ІІМ ӘСКЕРИ-ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Азаматтық қызметтегі әскерилендірілген күзет қызметкерінің Жамбыл облысында қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде анықталатын болады.