$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе тұрғыны мен оның үш баласы жол апатынан қаза тапты: алқабилер жүргізушіні кінәсіз деп таныды

AstanaTV
16.03.2026ж. 19:00
Ақтөбе тұрғыны мен оның үш баласы жол апатынан қаза тапты: алқабилер жүргізушіні кінәсіз деп таныды

Ақтөбе облысында әке мен үш баласы жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 2023 жылы Әйтеке би ауданы маңында болған. Mitsubishi Montero Sport көлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.  Жол талғамайтын көлікті әйел адам басқарған көрінеді. Апат салдарынан оның жұбайы мен үш кәмелетке толмаған баласы  қаза тапты. Алғашында  әйел   кінәлі деп танылды. Алайда сот барысында оның кінәсі дәлелденбеген.  Кейін айып жүк көлігінің жүргізушісіне тағылып, іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Алқабилердің көпшілік даусымен жүргізуші кінәсіз деп танылды. Сот оның әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы жоқ деген негізбен ақтау үкімін шығарды.