$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қоғамдық моншада ер адам жасөспірімді соққыға жықты

AstanaTV
16.03.2026ж. 19:00
Қоғамдық моншада ер адам жасөспірімді соққыға жықты

Алматы облысында қоғамдық моншалардың бірінде ересек адам 13-тегі жасөспірімді соққыға жықты. Жәбірленушінің анасының айтуынша, жасөспірімге қол көтерген 30 жастағы ер адам сол жердің қызметкері және мас күйде болған. Жеткіншектің жақындары болған істің мән-жайын әлеуметтік желіде жазып, оқиғаның видеосын да жариялады. Анасының сөзінше, сол сәтте жасөспірімдер сатушыдан сэндвич беруді сұраған. Ал монша қызметкері өздеріне ғана емес, тағы басқа адамдарға да тамақ сатып алуды талап етіпті. Бірақ бала бас тартқан, сол үшін сатушы оны ұрып жықты дейді. Жәбірленуші тараптың мәлімдеуінше, полиция бұл әрекетті «ұсақ бұзақылық» ретінде ғана тіркеген. Соққыға жығылған баланың жақындары оқиғаны қылмыстық іс ретінде қарауды талап етеді.

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бейнежазбада көрсетілген оқиға ағымдағы жылдың 9 наурыз күні Қарасай ауданындағы қоғамдық моншаның ішінде болған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109–1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Аталған жағдай ерекше бақылауда.