$541.34 €640.73 ₽6.53
×

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты. Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр.  Мемлекет басшысы Қазақстан халқы қолдаған, жаппай дауыс берген Конституция – еліміздің темірқазығы деді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгін Ұлт тарихының жаңа парағын аштық. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ең бастысы халқымыз түбегейлі өзгерістерді барынша қолдайды. Біз ортақ мүдде жолында, күш біріктіріп, келер ұрпаққа өркениетті озық Қазақстанды аманат етеміз. Мен бұған кәміл сенемін.