Акционерлердің
банктен қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуы мүмкін. Бұл туралы Орталық
коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды. "Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты
Жолдауында Президент қаржы секторын «қайта жаңғырту» жайына ерекше тоқталған. Яғни
ел экономикасына ықпал ететін шаралар қолға алынуы керек. Ол үшін банк секторын
сауықтыру, Ұлттық банк тарапынан қадағалауды күшейтуге баса назар аударылуы
тиіс.
Брифингте тиімді мемлекеттік басқару жайы да талқыланды. Сарапшылар Ашық
үкімет жүйесінің тиімді тұстарын талқылады. Аталған жүйенің Ашық диалог порталы
арқылы тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарды құзырлы орындарға жолдауға
мүмкіндік алған.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы СЗИ бөлім басшысы:
2017
ж. шілдедегі есеп бойынша 680 мың адам сауал қойған осы портал арқылы,
министрліктер бойынша айтсақ, бірінші кезекте денсаулық сақтау, екінші - ішкі
істер үшінші - еңбек және әлеуметтік қорғау минстрлігіне көп сауал қойылған, яғни Қазақстанда Ашық үкіметте Ашық диалог порталы жұмысы өте жақсы.