Бүгін - мұсылман қауымы асыға күткен, мың айдан да қайырлы Қадір түні. Бұл түн Рамазан айының соңғы он күнінің жұма, жұмаға жақын сәресі түндерінде болады деп есептеледі. Биыл Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы бұл түнді 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге белгілеп отыр. Қадір түні құлшылық пен дұға жасау арқылы рухани тазалыққа жетуге, күнәлардан кешірім сұрауға және Алланың разылығына кенелуге ерекше мүмкіндік береді. Мешіттерде арнайы рухани бағдарлама ұйымдастырылады. Астанадағы бас мешіт 35 мың адамды қамтуды көздеп отыр. Ауа райының қолайсыздығы мен қардың әлі ерімеуіне байланысты, барлық шаралар тек мешіт ішінде өтеді.
ЖАНДОС АЙТБАЙ, ИМАМ ОРЫНБАСАРЫ:
Қадір түнінде жалпы барлық мешіттерде және осы Бас мешітте 21:00 ден бастап құптан намазына азан оқылып, тарауих намазы оқылады. Мешітімізге жалпы 30-35 мың халық келеді деп күтіп отырмыз. Өйткені мешіттің ішкі аумағына 35 мың халық сыяды, сыртқы аумағына 200 мың адам сыяды.