«Нұр
Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты тұңғыш рет ұйымның жоғары өкілетті
органы - орталық кеңес мүшелерінің ашық сайлауын өткізбек. Бұл шара ұйымның 18
жылдық тарихында алғашқы мәрте ұйымдастырылып отыр. Осылайша 18 бен 29 жас аралығындағы әрбір жас
орталық кеңес мүшесіне өте алады.
Сайлау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде
18-25 қаңтар аралығында «Жас Отанның» әлеуметтік желідегі сілтемелері арқылы
тіркелу керек. 25 қаңтар мен 8 ақпан аралығында үміткерлер #JasOtanSailau
хэштегімен Инстаграм арқылы 5 000 лайк немесе 500 адамның қолын жинауға
міндетті. 10-24 ақпанда өтетін 2-кезеңде жеткілікті дауыс жинағандарға онлайн
дауыс беріледі. Бұл сайлау Елбасының қатысуымен өтетін "Жас Отанның"
ІV съезіне дайындық десе болады. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан»
жастар қанатының құрамында 126 мыңнан астам жас бар.
Данияр Сүндетбаев, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының төрағасы:
Осы
кеңес 33 адамнан тұратын болады. 16 адам жергілікті аймақтағы төраға, оның
біреуі 17-шісі мен тағайындалам. Ал 16-сы сайлау арқылы белгілі болады. Ең
басты критерий - олардың көздері ашық, мемлекетке бір ұсыныс, бір үлкен серпіліс
беретін ынталы азаматтар болуы керек.