$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні құрықтады

Оралда полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні құрықтады
Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, қала тұрғыны күдікті әйелге 2023 жылы жүгінген. Күдікті оның ұлын оқуға түсіруге және кейін диплом алуына көмектесе алатынын айтқан. Құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесемін деген сылтаумен ол әйелден ақша алған. Ұзақ уақыт бойы күдікті жәбірленушіні алдап келген. Хабарламалар жіберіп, дипломды рәсімдеу процесі жүріп жатқандай әсер қалдырған. Алайда оқу аяқталуы тиіс мерзімге дейін әйел не дипломды, не ақшасының қайтарылғанын көрмеген. Алданғанын түсінген әйел полицияға жүгінген. Келтірілген шығын көлемі 1,5 млн теңгені құрады. Күдікті анықталып, ұсталды, ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.