«Екібастұз электр машиналары зауыты» ЖШС-ның қызметкерлері жалақы төленбеу дерегі бойынша Екібастұз қаласының прокуратурасына жүгінген. Жалпы саны 100 адамға еңбекақы уақытылы төленбей келген.
- Тексеру барысында кәсіпорында көрсетілген қызметтер үшін қаржыландырудың болмауына байланысты қызметкерлер алдында берешек қалыптасқаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды. Нәтижесінде 100 қызметкерге жалпы сомасы 20 302 336 теңге көлеміндегі жалақы берешегі толық көлемде төленді, - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Осылайша қызметкерлердің еңбек құқығы қорғалған. Ал жұмыс беруші заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік арқалады.