Орталық референдум комиссиясы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы ақпарат берді.
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:
Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, «Сіз жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ бойынша референдум өтті деп есептелсін.
Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады.