"Қазақстанның жаңа Конституциясы азаматтардың рөлін нығайтуды көздейді". Халықаралық сарапшылар Ата заңға енгізілген өзгерістер туралы дәл осындай пікірде. Отандық және шетелдік сарапшылардың басын қосқан халықаралық жиында елдің саяси трансформациясына қатысты маңызды баяндама таныстырылды. Құжатта конституциялық реформаның логикасы, оның институционалдық параметрлері, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының құндылықтық бағдарлары талданған. Жиын қатысушылары Қазақстандағы конституциялық реформа елдің өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды нығайтуға негізделген жаңа даму моделіне көшуін көрсететінін атап өтті.
АЛЬБЕРТО ТУРКСТРА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ:
Бұл болашаққа бағытталған конституция деп айтуға болады. Онда деректерді қорғау, инновациялар және цифрлық технологиялар сияқты бірегей элементтер қарастырылған. Қазақстан қазір экономикалық моделін терең трансформациядан өткізіп жатыр. Табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттауға негізделген экономикадан адам капиталы басты рөл атқаратын модельге көшуде. Бұл - болашаққа жасалған қорғаныс іспеттес, яғни экономика мен қоғамды XXI ғасырдың сын-қатерлері мен мүмкіндіктеріне дайындау.