$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада "Өңірлік экологиялық саммит - 2026" өтеді

Астанада "Өңірлік экологиялық саммит - 2026" өтеді

Астанада Орталық Азия елдерін ортақ сын-қатерлерге қарсы біріктіретін Өңірлік эко-саммит өтеді. Сәуірдің 22-сі мен 24-і аралығына жоспарланған іс-шара елорданы экологиялық хабқа айналдырмақ. Күн тәртібінде — климаттың өзгеруі, су тапшылығы және Арал мен Каспий теңізінің тағдыры. Жиынға 1500-нан астам ресми делегат пен сарапшы қатысады. Саммиттің практикалық алаңы — «RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесі болмақ. 20 мың шаршы метрлік аумақта экологиялық саясат пен бизнес мүддесі тоғысып, жаңа серіктестіктерге жол ашылмақ, - дейді ұйымдастырушылар. Көрмеге әлемнің 30-дан астам елінен 300-ге жуық компания қатысады. Қатарында Өзбекстан, Қытай және Еуропаның алпауыт мемлекеттері бар.

СӘКЕН ҚАЛҚАМАНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қазір климаттың өзгеруі Орталық Азияға әсерін беріп жатыр. Неге десеңіз, бізде үлкен мұхит, теңіздеріміз жоқ. Сондықөтан қыстарымыз қатты болып, жазымыз ыстық болып, су тапшылығы пайда болып жатыр. Сол бүкіл проблемаларды шешуге 5 елдің күші біріктіріледі.