Елімізде жекеменшік мектептер көбейді. Бірақ, сапа көңіл көншітпейді. Тіпті, кейбір білім ошақтары бұрынғы мейрамхана мен монша ғимараттарында орналасқан. Бұл туралы «AMANAT» партиясының білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысында Мәжіліс депутаты, кеңес төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов айтты. 341 мектептің 268-і бірінші тексерістен-ақ сүрінген. Тіпті, білім ордасын басқарып отырған директорлардың арасында арнайы квалификациядан өтпегендері де бар.
ЖАЙЫҚ ШАРАБАСОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Жекеменшік мектептердің бейберекет көбеюі білім сапасына кері әсер етуі мүмкін. Ең сорақысы ғимараттардың жағдайы. Олар бұл нысандардың балалар үшін қауіпсіз екеніне кепілдік бере алмайды. |Кей мектепте оқушыларға жайлылық жасалмаған, қарапайым санитарлық нормалар сақталмаған. Тіпті, білім ордасын басқарып отырған директорлардың өзі арнайы квалификациядан өтпеген.