НАТО маған көмектеспесе, кейін Альянстың жағдайы қиын болады. Трамп Солтүстік-Атлантикалық Одаққа ескерту жасады. Менің Иранға қарсы операциямды алдыңғы АҚШ Президенттері жасырын қолдап отыр, - дейді Трамп. Ирандағы соғыс аяқтала сала, Кубаны басып аламын. Бұл мәртебе маған тиесілі. АҚШ Президенті бостандық аралын мемлекет қатарына жатқызбайтынын жеткізді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Әр одақтас мемлекетте 45 мың мұздай қаруланған, қатты дайындалған сарбаздарды ұстап отырмыз. Ал, ендің одақ маған көмектессін. Трамп өз одақтастарына соңғы ескерту жасады. НАТО елдері Иранға қасы соғысқа қатыспаса, болашақта АҚШ тарапынан қорғансыз қалуы мүмкін. НАТО елдерінің шешімі болашақта Украинаға да әсер етуі мүмкін екендігін Трамп өз сұхбатында меңзеді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Әлемдегі елдердің ширек бөлігіне қауіп төнсе, АҚШ қорғауы керек деген шарттар жасалған. Оның ішінде НАТО бар, басқа ұйымдар бар деген секілді. Кейбіреуін қорғау үшін ядролық қаруға дейін ұстап отырмыз. Біз қиындыққа ұшырағанда, олар неге көмек қолын созбайды. Ормуз бұғазына тәуелді Жапония, Ұлыбритания, Франция мен Оңтүстік Корея бірден әскер жіберсін. Мен олардың мүддесін қорғағанда, қол қусырып қарап отырады ма?
Кубаны басып алу мәртебесі маған бұырды. АҚШ Президенті Ираннан кейін бірден осы елмен айналысатынын жеткізді. Бостандық аралы қазір үлкен энергетикалық дағдарысқа тап болды. Елде қазір мүлдем жарық жоқ.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Куба босқа қиналып жатыр. Елде мұнай мүлдем қалмаған. Нәтижесінде, электр энергиясы да қалмады. Не ақшалары жоқ. Кубаны мемлекет қатарына да қосуға болмайды. Ирандағы операция аяқталған соң, Кубаны басып аламын. Басып алу, азат ету, қалай атасаңыздар да өз еріктеріңіз. Мен өз білгенімді жасаймын. Кубаны басып алу мәртебесі маған бұйырып отыр.
Иран Ормуз бұғазынан өтпекші болған кемелерді атқылағанын мойындамай отыр. Елдің Сыртқы Істер Министрі Аббас Аракчи тек АҚШ пен оған көмектесіп жатқан елдердің кемелеріне ғана шабуылдадық дейді.
АББАС АРАКЧИ, ИРАН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:
Олар, яғни, АҚШ өзге елдерді көмекке шақырып отыр. Өздері тығырыққа тірелгенін түсінді. Бірақ, біз АҚШ-тан басқа елдердің кемелеріне тиіспедік. Тіпті, бұғазды жаппадық та.
Пәкістан Ауғанстан астанасы Кабулдағы аурухананы бомбылады. Әуе соққысынан 400 адам қаза тапты. Бұл Талибан үкіметі таратқан ресми хабарлама. Естеріңізге сала кетсек, соңғы айда екі ел шекарасында шиеленіс пайда болып, арты қарулы қақтығысқа ұласып, әлі тоқтамай тұр.