Наурызнама онкүндігі бойынша бүгін-шаңырақ күні. Осыған орай астаналық жұптар некесін қиды. Әз-Наурыз қарсаңында өмірлеріндегі ең маңызды қадам жасап, жақсылықты ырымдаған жұптар ұлттық киіммен келді. Астана жастары ресурстық орталығы ерлі-зайыптыларға мереке сыйлап, салтанатты неке қию рәсімін өткізді.
ТӨКЕН НАЗАР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
ЗАГС қызметкерлері өздері хабарласты. Шаңырақ күні болайын деп жатыр қазақи нақышта, қатысқыларыңыз келсе. Әрине, бірден келісімімді бердім.
Бар назар тек жастарда болған жоқ. Бірнеше жұп күміс той, тіпті, алтын той жасады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл жастарға үлгі болуы тиіс. 50 жылдық махаббат оқиғасымен бөліскен ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайларға батасын беріп, ізгі тілектерін жаудырды.
СЕРІК ШАЙМАН, САРЫАРҚА АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Мен өз өмір тәжірибемнен алатын болсам, адамда әуелі махаббат бағы басталады. Одан кейін сенім бағы деген бар. Одан кейін қимастық бағы бар.