Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Маңғыстау облысындағы жанармай тапшылығын құрғақ газды өңдеу есебінде шешу жоспарланған

AstanaTV
03.08.2017ж. 20:00
2757
Маңғыстау облысындағы жанармай тапшылығын құрғақ газды өңдеу есебінде шешу жоспарланған

Ақтау қаласындағы көгілдір отын тапшылығын Ақтөбеден қосымша жанармай әкелу арқылы шешу жоспарланып отыр. Газ жетіспей отырған өңірге 60 тонна өнім жеткізілмек. Аймақтағы  қиын жағдай облыс әкімі Ералы Тұғжановты бірнеше жанармай бекетін аралатуға мәжбүрледі. Аймақ басшысы жекеменшік жанармай бекеттерінің қожайындарына шүйлікті.

Ералы Тұғжановтың пайымынша, жергілікті зауытта өндірілетін өнім жергілікті нарықты толық қамтуға қауқарлы. Сондықтан ол мемлекеттік кіріс департаментіне барлық жанармай бекетінде тексеру жүргізуді тапсырды. Тіпті, Ақтаудан шығарылатын көгілдір отын көрсеткішін де тексеру қажеттігін ескертті. Өңір басшысының айтуынша, сұйық газға көшкен көлік санының артуына байланысты және газ тапшылығы қайталанбас үшін балама отынға көшу мәселесі қарастырылған. Яғни сығымдалған газ. Қазірде екі мұнай компаниясымен газ өңдеу зауытына қосымша шикізат бөлу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

Бүгін кешке қосымша 60 тонна газ жеткізіледі. Бұл мәселені шешудің алғашқы қадамы. Ал екіншісі болашаққа арналған. Алдағы уақытта мұнай жағдайды болдырмау үшін, жаңа жоба әзірленіп жатыр. Құрғақ газ өндіру бойынша Қытай компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл ауқымды жұмысты талап ететін жаңа технология. Алайда, бұған уақыт керек.