$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда 11 500 домбырашы Қазақстан рекордын орнатты

18.03.2026ж. 13:32
Алматыда 11 500 домбырашы Қазақстан рекордын орнатты
фото: Алматы әкімдігі

«Almaty Arena» мұз сарайында «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобы өтті. Бір мезетте 11 500 оқушы домбыра тартып, Наурыз мейрамына орай ұлттық рекорд орнатты.

Шарада бір ғана күй емес, арнайы дайындалған попурри орындалды. Төлеген Мұхамеджанов, Алтынбек Қоразбаев шығармалары, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері және Құрманғазының «Балбырауын» күйі заманауи өңдеуде орындалды.

Қазақстан рекордтар кітабының сарапшылары рекордты ресми түрде тіркеді.