$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысындағы отбасы өлімі: күдіктіге тағы бір айып тағылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: күдіктіге тағы бір айып тағылды

Атырауда бір отбасының өліміне қатысты резонансты іс бойынша күдікті сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Сұлтан Сәрсемалиевке тағы бір айып тағылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Бұған дейін оған екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша тергеу басталған. Енді 88-баптың 2-бөлігі «Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық» бойынша да іс қозғалды.  Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынған. Еске салайық, Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезия елінде ұсталып, елге экстрадицияланған еді. Олардан марқұмдардың жеке куәліктері мен банк карталары тәркіленген болатын.