$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Талдықорғанда ер адам өзін оқушы ретінде таныстырып, жасөспірімге зорлық көрсетті

AstanaTV
18.03.2026ж. 19:00
Талдықорғанда ер адам өзін оқушы ретінде таныстырып, жасөспірімге зорлық көрсетті

Талдықорғанда 13 жасар қызға зорлық көрсетті  деген күдікті қамауға алынды. Жасөспірімнің жақындарының айтуынша, әлеуметтік желіде өзін оқушы деп таныстырған ересек адам жасөспірімге ақша ұсынып, жалаңаш бейнесін телефон арқылы көрсеткені үшін 3 мың теңгеден төлеп отырған. Кейін кездесуге шақырып, жас қызға жыныстық сипаттағы әрекеттер жасапты. Анасының айтуынша, өзін “жеткіншекпін” деп таныстырған адамның атпалдай еркек екенін жасөспірім сол сәтте ғана білген. Оқиғаны жәбірленушінің танысы ата-анасына жеткізген.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары тараптарға танысу үшін берілді. Күдікті қамауда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.