$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда “Қаржы технологиясы және алаяқтықтан қорғау: цифрлық дәуірдің жаңа сын-қатерлері" атты форум өтті

AstanaTV
18.03.2026ж. 19:00
Алматыда “Қаржы технологиясы және алаяқтықтан қорғау: цифрлық дәуірдің жаңа сын-қатерлері" атты форум өтті

Алматыда “Қаржы технологиясы және алаяқтықтан қорғау: цифрлық дәуірдің жаңа сын-қатерлері" атты форум өтті. Іс-шара Fingramota.kz жобасы аясында ұйымдастырылды. Форумға қаржы нарығының сарапшылары, банк өкілдері мен финтех-компаниялар қатысты. Кездесу барысында жеке қаржыны тиімді басқару және банк қызметтерін онлайн дұрыс пайдалану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қаржылық алаяқтық пен дропперлік әрекеттерден қорғану жолдары айтылды. Мамандар әсіресе жастар арасында ақша тақырыбын жиі қозғау керек екенін айтып отыр.

РАХМАН АЛШАНОВ, “ТҰРАН" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Алаяқтармен біз күнделікті күресуіміз керек. Жастар білу керек, ата-анасының тапқан қаржысы, өзінің оқуына, тұрмысына керек нәрселер дегендей. Жалпы халыққа, алматылықтарға көрсету, үлгі болу керек.

ӘКІМ ҒАДІЛБЕК, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГГЕНТІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Бұл жердегі негізгі мақсат жастарды тек қана түсіндіріп қана қоймай, оларды жұмысқа тарту. Өздерінің видеоларын түсіру арқылы, жұмыстар арқылы қызығушялығын арттыру болып тұр. “Менің гаджетым алаяқтыққа қалай түсіп қалмас үшін қорған болады” деген тақырыпқа олар видео түсіреді. Сол видеолар арасында конкурс болады. Соларға үлкен, жақсы сыйлықтар беріледі.