$541.34 €640.73 ₽6.53
×

“Негізгі жұмысымыз енді басталады”: Қошанов депутаттарға жүктелген міндетті атады

“Негізгі жұмысымыз енді басталады”: Қошанов депутаттарға жүктелген міндетті атады

Жаңа Халықтық Конституцияның халықтан жаппай қолдау тапқаны – біз үшін зор мерей. Осылай деген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституцияны іске асыру депутаттар үшін енді ғана басталған негізгі кезең екенін айтты. Ол Ата заң қабылданғаннан кейінгі алғашқы жалпы отырыста депутаттар алдында аса ауқымды міндет тұрғанын атап өтті. Ерлан Қошанов референдум нәтижесінде Конституцияның 87 пайыз қолдау тауып, халықтың мемлекет басшысына деген сенімін көрсетті деп бағалады. Сондай-ақ жаңа Ата заң ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын және енгізілген өзгерістер Президент бастамасының маңызды жетістігі екенін айтты.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "АМАНАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кеше Президент Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Шындап келгенде біздің негізгі жұмысымыз енді басталады. Депутаттар корпусы қысқа мерзім ішінде конституциялық өзгерістерді заңнамалық тұрғыдан бекітуді қамтамасыз етуі керек. Жақын арада бірқатар заң жобасын Парламент қарауына енгізілетін болады. Одан бөлек, Президентіміз бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы рақымшылық жариялау жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан бізге – депутаттарға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Жаңа Конституцияның нақты іске асуын қамтамасыз ету бізге бұйырып отырғаны – зор мәртебе.