$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Израиль Иранның тағы бір басшысын өлтірді

Израиль Иранның тағы бір басшысын өлтірді

НАТО елдері Трамптың қорқытқанына қарамастан, бірінен кейін бірі соғысқа араласудан бас тартты. Әсіресе, Макронның мәлімдемесі АҚШ Президентіне ауыр тиді. Осыдан кейін, Трамп ашуына мініп, бұның арты одақ үшін қиын болатынын мәлімдеді. Израиль Иран басшыларының бірі Али Лариджаниді өлтірді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

НАТО Трампқа көмектесіп, соғысқа қатысудан бас тартты. Әсіресе, Ормуз бұғазына тәуелді елдер де, Иранмен келісу арқылы ғана, теңіз тасымалын жүргізуге болады деп жауап қатқан. Ал, Эммануэль Макрон, Иранмен соғыспаймын, - деп Трамптың өзіне жауап берген. Оның үстіне, Парсы Шығанағындағы соғысты тоқтату керек дегенді меңзеген Франция басшысы.

ЭММАНУЭЛЬ МАКРОН, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Франция Иранға қарсы соғыспайды. Біз тек ұрыс тоқтағанда ғана бейбіт миссияға Ормуз бұғазына әскер жібере аламыз. Дегенмен, бұл теңіз жол торабы толыққанды жұмыс істеп, экономикаларымызға соққы жасамауы үшін бейбітшілік орнауы керек. Осы тұрғыда жұмыс істеуге дайынбыз.

Осыған дейін мәдениетті сөйлеп келген Трамп, ашуына мініп, НАТО елдерінің барлығына сес көрсетті. Ертең Ресей шабуылдағанда көремін, қалай қорғанғандарыңды, - дейді АҚШ Президенті. АҚШ-сыз ертең бүкіл Еуропаға қауіп төнеді, сол кезде мен де теріс айналамын, - деп Трамп, бұл үшін Кәрі Құрлық өкінетінін ескертті.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз өзіміз дағдарысқа ұшырап, триллиондаған дорллар ақшаны НАТО қорғанысы үшін бөліп отырдық. Қазіргі бюджет дефициті де осыған дайланысты. Сол жақсылығымызға берген жауаптарың осы ма? АҚШ болмаса, қалған НАТО елдері әлсіз. 5 пайызды қорғанысқа бөліңдер дедім. Оны да тыңдамады. Әлсіз әскерлеріңмен болашақта не істемекшісіңдер? Маған енді НАТО керек емес.

Израиль Иран басшыларының бірі Али Лариджаниді өлтірді. Барлау ақпараттарына сенсек, Аятолла Хаменеидің өлімінен кейін, дял осы Лариджани барлық қарулы күштер мен құрылымдарды басқарып, АҚШ-қа қарсы соғыс тактикасын құрастырған. Израиль әуе соққысын жасаған кезде, ол үйінде болған.

ИСРАЭЛЬ КАЦ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Біз бірден сене қойған жоқпыз. Бірақ, штабтан қоңырау түскеннен кейін растай аламыз. Лариджани Иран қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы болған. Ол бейкүнә халықты қырған және соған бұйрық берген адам. Сондықтан, ең зұлым ирандықтардың бірінің көзін жйдық, - деп қуанышпен айта аламын.

Жауап ретінде Иран бар бомбаларын Израильге тастады. Арасында халықаралық құқық нормаларына сәйкес тыйым салынған фосфорлы жарылғышты зымырандар да бар. Нәтижесінде, бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты.