$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда Ұлттық киім шеруіне бес мыңға жуық адам қатысты

Атырауда Ұлттық киім шеруіне бес мыңға жуық адам қатысты

Наурызнама онкүндігі бойынша бүгін-ұлттық киім күні. Атырауда бес мыңға жуық адам қатысқан  шеру болды.Қызылды-жасылды киінген  халық көшелермен жүріп өтті.Автокөлік жолы уақытша жабылып, қала орталығы думанға бөленді. Ән шырқап, әзілдескен қауымның көңіл-күйі ерекше. Бірнеше күннен бері түнеріп тұрған аспан ашылып, күн де нұрын төгіп тұрды.  Шеруге мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпорын-ұйым мамандары, этнобірлестік өкілдері, студенттер мен оқушылар,  зейнеткерлер, Ұлттық киім шеруі өтеді деген хабарды естіген қарапайым тұрғындар қатысты.  Бұл ұлттық құндылықты ұлықтауға арналған ерекше шара,- дейді қатысушылар.

АЛМАГҮЛ СӘТЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Адамдардың  көктемгі көңіл күйін көрсетіп тұрған керемет мереке болып жатыр.  Шараға бірінші рет қатысып тұрмын. Бұрын қатысқан жоқпын. Біздер оқушы болған кезде мұндай  шаралар болған жоқ. Шыныменен жүрегім қазақы нақышқа бөленіп тұр. Қазақ болып туғаныма қуанып тұрмын. Ертеңгі болашағымызға, ұрпағымызға себіліп жатқан дән деп ойлаймын. Олардың қазақи болмысын, қазақи нақышын, қазақи мінез-құлқын қалыптастыруға үлкен  әсер ететін шара.