$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысында адам өлтіріп, бала ұрлаған қылмыскер 25 жылға сотталды

AstanaTV
18.03.2026ж. 19:00
Алматы облысында адам өлтіріп, бала ұрлаған қылмыскер 25 жылға сотталды

Алматы облысында адам өлтіріп, бала ұрлаған қылмыскер 25 жылға сотталды. Оның сыбайластары 9 жыл бас бостандығынан айырылды. Еске салайық, қайғылы оқиға 6 қыркүйекте болды. Аружан бұрынғы жігітінің қысым көрсеткенін айтып, полицияға бірнеше рет жүгінген, бірақ күдікті жауапқа тартылмаған. Кейін ол таныстарымен бірге келіп, ағасын атып өлтіріп, екі жасар қызын алып кеткен. Арнайы жасақпен бала құтқарылып, анасына қайтарылды. Іс бойынша 3 адам қамауға алынды, сот 7 ай қаралып, 12 бап бойынша жаза кесілді. Негізгі айыпталушыдан 30 миллион теңге, екі кәмелетке толмаған сотталушылардан 15 миллион теңге өндіріледі.

АСҚАРБЕК БЕЙІМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге тиісті. Сотталушы Елтай мен Керимов сіздерде тергеу органдаарының тағылған айыбымен сот сізді кінәлі деп танып отыр, сіздің кәмелет жасқа толмағандарыңызды ескере келе, 58 бап бойынша түпкілікті 9 жыл бас бостандығы жазасы тағайындалып отыр.