$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады

18.03.2026ж. 17:00
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады
фото: t.me/PR_KTZh

Мереке күндері 3 қосымша пойыз іске қосылады. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады. 

Олар:  №201/202 "Алматы-2 – Астана-1";

 №204/203 "Нұрлы жол – Шымкент";

 №205/206 "Ақтөбе – Нұрлы жол".

Сонымен қатар жолаушысы көп бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылды.

Ал Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылып, Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған.