Олар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы жалақысы жоғары жұмыс туралы жарнама таратқан. Осылайша азаматтарды есірткі айналымына тартып, арнайы call-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған.
Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалып, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды.
Сондай-ақ синтетикалық есірткі, компьютер, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді.