$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

18.03.2026ж. 21:44
Жыл басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
фото: dauletten.kz

2026 жылы 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн-нан астам этникалық қазақ оралды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,8%) Қытайдан, 43,6% – Өзбекстаннан, 2,7% – Түрікменстаннан, 2% – Ресейден, 2,2% – Монғолиядан және 1,7 – басқа елдерден тіркелді.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған.