$541.34 €640.73 ₽6.53
×

1500 оқушы бір мезетте «Бес асық» ойнады

1500 оқушы бір мезетте «Бес асық» ойнады
фото: gov.kz

Көкшетау қаласында 27 мектептің 1500 оқушысы бір мезетте «Бес асық» ұлттық ойынын ойнады.

Көкшетау қаласындағы Теннис орталығында 27 қалалық мектептің шамамен 1500 оқушысы бір мезгілде бес асық ұлттық ойынына қатысты. Бастаманың мақсаты жастар арасында ұлттық құндылықтарды нығайту, дәстүрлі спорт түрлерін насихаттау, сондай-ақ елдің рухани байлығын сақтауда ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ету.

Көкшетау қаласы Білім бөлімінің басшысы Айгерім Қошанованың айтуынша, аталмыш шара Қазақстанның Рекордтар кітабына ресми түрде енгізілуге ұсынылды. 22 наурызға дейін комиссия өкілдері барлық қажетті тексерістерді жүргізеді, ал мереке күні сертификатты салтанатты түрде тапсыру жоспарлануда.

Айта кетейік, өңірдегі мектептерде ұлттық спорт түрлерінен 419 секция жұмыс істейді.