Медбике медициналық анықтаманы 5 000 — 10 000 теңгеге сатып отырған. Одан бірнеше дәрігердің жалған мөрі табылды.
- Күдікті танысымен алдын ала сөз байласып, жалған медициналық құжаттарды (№ 075, № 086 анықтамалары және кітапша-ред.) дайындау және сатуды ұйымдастырған. Сөйтіп міндетті зертханалық және бейінді мамандардың медициналық тексерулерінен өткізбей-ақ жалған медициналық анықтамалар рәсімдеп отырған. Мұндай құжаттарды рәсімдегені үшін олар 5 000 — 10 000 теңге ақшалай сыйақы алып келген. Қазіргі уақытта осындай анықтамаларды сатып алған 40 азамат анықталды. Жұмыс кабинетінде жүргізілген тінту барысында «Дерматолог», «Лаборатория», «Жарамады/Годен», «Реакция микропреципитации экспресс методом» және «Анықтамалар үшін» деген жазулары бар жалған мөрлер табылып, тәркіленді, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.