$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте ер адамнан 3 млн теңгенің вейптері тәркіленді

20.03.2026ж. 07:35
Шымкентте ер адамнан 3 млн теңгенің вейптері тәркіленді
Polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатумен айналысқан ер адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Профилактикалық іс-шаралар барысында күдіктінің вейп өнімдерін мессенджерлер арқылы жарнамалап, сатқаны белгілі болды. Онлайн жарнама оған тұтынушыларды тартуға және тауарды кеңінен таратуға мүмкіндік берген. Тексеру барысында ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 электрондық тұтыну жүйесі анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы мен сатылуы құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтардың жолы заңнамаға сәйкес қатаң түрде кесіледі.