$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда бұрынғы күйеуі әйелін аңшылық мылтықпен атып өлтірді

Қостанайда бұрынғы күйеуі әйелін аңшылық мылтықпен атып өлтірді

Қостанайда бұрынғы күйеуі әйелін аңшы мылтығымен атып өлтірді.

37 жастағы әйелдің басына екі рет оқ атылған. Қайғылы оқиға қаланың ықшамаудандарының бірінде болған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетпей, өз еркімен полиция бөліміне барып, кінәсін мойындапты. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

47 жастағы ер адам полицияға кінәсін мойындап, өз еркімен келгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр.