$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда Конституцияны талқылауға арналған сарапшылар кеңесі өтті

19.03.2026ж. 19:00
Павлодарда Конституцияны талқылауға арналған сарапшылар кеңесі өтті

Павлодарда Конституцияны талқылауға арналған сарапшылар кеңесі өтті. Шараға коалиция мүшелері, қоғам белсенділері, жастар қауымы қатысты. Жиында жаңа жазылған Ата заңдағы реформа сөз болды. Бұл жаңашылдықтар ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Бұл бағытта алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылуы керек. Сөз алған сарапшылар осы мәселені талқыға салды. 

ЕРЖАН ӘМІРБЕКҰЛЫ, MARGULAN UNIVERCITY-НІҢ РЕКТОРЫ:

Әр адамның негізгі мақсаты бақытты болу. Бақыттың тетіктері әр түрлі. Ол білім беру, ол денсаулық сақтау, ол инновациялық өркендеу, мемлекеттік тұрақтылығы. Осы құндылықтардың барлығын конституция өзіне біріктіре алды ма? Біріктірсе, халыққа  ол өзгерістердің тетіктері қалай өзгеріс алып келу керек. Мемлекеттік органдардың жұмысы, халықтардың арасындағы ынтымақ, мемлекеттік басымдықтардың қайта қаралуы заңдық нормативтік құжаттар қайта қаралатын болады.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлы Құрылтайға енді депутаттар тек партиялардың атынан сайлануы дұрыс шешім екенін айтады. Өйткені, бұл елімізді демократиялық жолға бастайтын қадам. Ал демокартия бәсекені күшейтеді – дейді.

БЕКЕН САҒЫНДЫҚҰЛЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Себебі, енді нақты саяси партиялардың күресі басталады. Және мәдениетті күресі басталады. Себебі, әрбір партия өзінің мүшесі үшін жанталасатын болады. Сен Құрылтай депутаты ретінде саяси партия сахнадан кеткен  кезде депутаттық мандатыңнан айырыласың деген нәрсе бар. Кез келген саяси партия өзінің әрбір мүшесі үшін күрес деген бағыт осы.