$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Балалардың тілі неге кеш шығады?

Балалардың тілі неге кеш шығады?

Қазір көп баланың тілі кеш шығады. Мамандар мұны дабыл қағатын мәселе деп отыр. Статистикаға сүйенсек, биыл  көрсеткіш 3 есеге дейін артқан. Балалар неліктен кеш сөйлейді? Дамуы неге баяулап барады? Тілшіміз зерттеп көрді.

АЙДАНА БАХТИЯР, ТІЛШІ:

Қазір баланы тыныштандыру оңай. Әп сәтте қолына телефон берсек болғаны, бала жылауын қояды, айқайламайды, мазаламайды. Сіз де тыныш, бала да тыныш. Бәрі жақсы сияқты көрінгенімен, балаңыз неге сөйлемей жатыр, неліктен тілі кеш шығуда, неге дамуы баяулауда осы сұрақтар сізді де мазалауы мүмкін. Жауабы біреу-ақ - гаджет. Телефон уақытша тыныштық береді. Бірақ ол баланың дамуын үнсіз тежейді.

Мамандар смартфонның әсеріне алаңдаулы. Балаға бейқам қарауды, сондай-ақ жейтін тамағына мән беруге кеңес береді. Себебі бұл факторлар сөйлеуді тежейді.

МАЙРА БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, ЛОГОПЕД, ДЕФЕКТОЛОГ:

Қатты дүниелерді жеп, сүйекті мүжіп, картоп, алма, сәбіз,  етті дұрыстап жеп тұрса, ауыз бұлшық еттері яғни жақтарының бәрі дұрыс жұмыс жасайды. Сол кезде қаттырақ шайнағанның өзінде миға кислород барады. Ал біз де жай жай ғана банан жей салады, алманың сыртын аршиды, каша жей салады, жұп-жұмсақ дүниелер жейді де, қалайша біздің жақ бұлшық еттеріміз қатаяды.  Қатаймаған бала дұрыс сөйлемейді.

Мамандардың айтуынша, бала 2-3 жасқа дейін сөйлемесе, дабыл қағу қажет. Уақыт өткізбей бірден тексерілу керек.

АНАРГҮЛ МАУЛИҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

Бала сөйлеу үшін оны ынталандырумыз қажет. Сұрақ қою арқылы,  сөйлесу арқылы сол арқылы бала сөйлеуге ынталанады. Одан кейін екі жаста бала 20-50 сөз білуі керек. Егерде бала екі жаста бірнеше сөздерді айта алмаса, арнайы мамандарға жүгінуі керек.  Логопед маман, психолог маман және де психонейролог мамандарға жүгінуі қажет.

Дегенмен, әр баланың жағдайы әртүрлі. Кейбірінде бұл уақытша кешігу болса, енді бірінде бұл ауруға әкеліп соқтырады. Кәмшат Берікқызының қызы туғаннан мазасыз болыпты.  Алғашында қызының кеш сөйлеуін, бұзықтығын еркелікке балап жүрген. 

КАМШАТ БЕРІКҚЫЗЫ, АТА-АНА:

1 жарым жасында невропатологқа апардым.  Өйткені қызым артына қарамайды. Сөйлеуі нашар болды. Ештеңе түсінбейді, гиперактивная, секіре береді. Белгілері болды.  Біз күдіктеніп бастадық. Неге сөйлемейді деп. Солай врачтарға көрсеткен кезде заддержка, зпр деген диагноз қойды. Біз зпр дегенді басында қабылдаған жоқпыз. Бәріміз ойладық. Үлкегеннен кейін сөйлеп кет еді ғой деп.  Бірақ уже 3 жасына жақындаған кезде мүлде тілі болмады. Солай біз көрсеттік. Бүкіл жерлерге барып емдеттік. Коррекционный центрларға тасыдық. Барлық жерге қаратып жүрдік. Сосын 3 жасынан асқан кезде бізге психиатр осындай аутизим деген диагноз қойды.

Кеш сөйлеу - еркелік емес. Бұл баланың болашағы. Сондықтан баланың оғаш қылығын, тілінің кеш шығуын байқасаңыз, мамандарға жүгінген абзал.