Бүгін – Жаңару күні. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейді. Осы күні ел аумағында ағаш егіледі. Бұл дәстүр Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Мұндай игі шара Астанада да жалғасты. Қала әкімдігі тұрғындармен бірлесіп, аулаларды тазартуға кіріскен.
Жаңару күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады. Сол сияқты адам өміріндегі жаңа кезең басталады. Тұрғындар жер тоңы жібіген соң айналаны тазалап, көшет егеді. Астаналықтар да қалыс қалған жоқ. Өз үйлерінің ауласында сенбілікке шықты. Мұны аудан әкімдігі қолдаған.
ДУМАН САБЫР, САРАЙШЫҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ТЫНЫС-ТІРШІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Жаңару күні ерекше мереке болып келеді. Жаны, рухани тазару болып келгендіктен тұрғындармен сенбіліктен бастадық. Бауырсақ жасап тұрғындарға. Мұнын барлығы тұрғындардың ұйымдастыруымен, біздің көмегімізбен ғана.
Аулада 540 пәтер бар. Тұрғындардың бәрі бірауыздан сенбілікке шықты. Мерекелік дастархан жайылып, қонақтарға арнап дәмді тағамдар әзірленді.
ҚУАНЫШ ОСПАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жаңару кезеңі, наурыз, ораза айт. Осы кезеңнің қарсаңында жылда аталып өтеді. Біз наурызды 22 күні басқаша атап өтеміз. Қазір жаңару. Яғни наурыз айының алдында сенбілік жасаймыз. Өйткені бұл біздің ауызбіршілігімізді көрсетеді. 1 ай бұрын дайындаламыз, ораза кезінде тұрғындарымызға ауызашар бердік. Әр мерекені біз жібермей тойлаймыз. Республика күні, қабылданып жатқан Ата Заңымыз бар, оразамыз, наурызымыз бар, жаңару күні бәрі бір күнде келіп тұр. Өте қуантатын жағдай.
Игі шараға, шамамен, 30–40 адам қатысты. Шағын және орта бизнес өкілдері де іргелес аумақтарды тазалау жұмыстарына атсалысты. Тұрғындар, бұл – көршілердің ауызбіршілігін айқындайтын көрініс дейді.