«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Бұл жолы тазалық жұмыстары көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілді. Экологиялық акция аясында көгалдандыру мәселесіне ерекше мән берілді. Бұл маңда қара ағаш пен үйеңкі ағаштарының көшеттері егілді. Сондай-ақ, халық көп жүретін орындар қоқыстан тазартылды. Қураған және бей-берекет өскен ағаштар қырқылып, ағаш түптері әктелді.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жылдың басынан бері бүгін жетінші мәрте өткізіліп жатыр. Бұл жерге біздің қала тұрғындары, филиал қызметкерлері, аудан қызметкерлері және «Жастар рухы» жастар қанатының қызмекерлері, белсенділер, еріктілер қатысып жатыр. Бүгін Тұран ауданында өткізіп жатырмыз. Бұл жерде бізде қазір 60-қа жуық тал ағаштар егілді.