$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбылда кимешек киген әжелер балабақша бүлдіршіндеріне ертегі айтуды үрдіске айналдырды

AstanaTV
19.03.2026ж. 19:00
Жамбылда кимешек киген әжелер балабақша бүлдіршіндеріне ертегі айтуды үрдіске айналдырды

Әжемнің ертегілеріне саяхат. Жамбылда кимешек киген әжелер  балабақша бүлдіршіндеріне ертегі айтуды үрдіске айналдырып жүр. Себебі, қазіргі кезде ата-аналардың басым бөлігі балаларына ертегі айтуды қойған. Сондықтан олар ұмыт бола бастаған аңыз әңгімелер мен ертегілерді насихаттап, ұлттық мұраны дәріптеуге ден қойып отыр. Мағынасы терең ертегілер арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеп, ұлттық құндылықтарымызбен бала қиялы мен ой өрістерін өсірмек. Айтылған әңгіме әсерлі болу үшін ертегі кейіпкерінің бейнесіне енеді. 

Алдағы уақытта мамандар арқылы балақайларға арнап заманауи форматта ертегілер шығаруды жоспарлап отыр.  Бұл игі істі одан әрі ата-аналар жалғаса   дейді. Өйткені баланың қолына түнде телефон бермей,  ертегі айтып ұйықтату әлдеқайда тиімді дейді.   

ЖАНАТ САРЫБЕКОВА, «АНАЛАР АЛҚАСЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Ертегі тыңдап өскен бала өте жақсы болады. Ол тәрбиелі болады. Қазіргі кезде логикалық ойлаулары өте жақсы. Айтып жатқан кезде балалар ілесіп отырады. Мінекей сондықтан біз балаларға мұны тоқтатпауыз керек.