Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекеттік қызметкерлерге төленетін бонустар 4 айлық жалақыдан тұратын болады

AstanaTV
19.01.2018ж. 20:00
5077
Мемлекеттік қызметкерлерге төленетін бонустар 4 айлық жалақыдан тұратын болады

Мемлекеттік қызметкерлердің тиімділігі бонустық жүйемен есептеліп, бір бонус 4 айлық жалақыдан тұратын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері хабарлады.

Президент биылғы жолдауында жалақыны төлеудің жаңа жүйесіне ауысуды тапсырған болатын. Бонустар жақсы жұмыс істеп, көзге түскен қызметкерлерге жылына бір мәрте, желтоқсан айында төленіп отырады. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі негізгі екі бөліктен тұрады. Бірінші, тұрақты түрде алып отыратын жалақы. Екіншісі, жыл соңында қызметкер жұмысының нәтижелілігіне байланысты алынатын бонустар. Нашар қызметкерлер бонустан қағылады. Ал жұмысы екі жыл қатарынан көңіл көншітпесе, ол адам мемлекеттік қызметпен қоштасуы мүмкін. Жаңа жүйе пилоттық режимде іске қосылған. Апробациядан мемлекеттік қызмет агенттігі, Әділет министрлігі, Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдігі өтіп жатыр. Қаңтар айында осы орган қызметкерлері жалақыны жаңа жүйемен алатын көрінеді.

Ғанижан Асанұлы, ҚР МҚІСЖК агенттігі ОҚО департамент басшысының орынбасары:

Әрбір қызметші жыл соңында белгілі бір бонусқа қол жеткізгісі келсе, ол өзінің қызмет тиімділігін, сонымен қатар, жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады. Және бонустың енгізілуі ең алдымен бәсекелестік тудырады. Ал бәсекелестік бар жерде, ол сапаны тудырады. Яғни қызметшілер арасында бәсекелестік болатын болса, бірлесіп олар мемлекеттік органның алдында тұрған стратегиялық міндетке қол жеткізеді.