$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жұмысшылардың құқығын қорғайтын заң жобасы мақұлданды

Жұмысшылардың құқығын қорғайтын заң жобасы мақұлданды

14 жасқа дейінгі баласы бар адамдарды жұмыстан шығарып жіберуге тыйым салынады. Бұл жалғызбасты ата-аналарға қатысты. Халық арасында ГПХ аталып кеткен, азаматтық-құқықтық келісімшарттарға да заңмен тыйым салынбақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған заң жобасын Сенат мақұлдады. Тағы бір, басты жаңашылдық, еңбек дауларын шеттен келген адам алқа би ретінде шешеді. Бастысы, өндірістік жарақаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу комиссиясының құрамы кеңейтіледі. 

ВИКТОРИЯ ШЕГАЙ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біз еңбек министрлігі ретінде жұмысшылардың жағдайын жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Үш негізгі критерийді белгіледік. Осының біреуі тіркелсе де жеткілікті. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы кез-келген келісімшарт, қай уақытта жасалса да, еңбек шарты деп бекітіледі. Оның артынша, жұмыс берушінің барлық міндеттемелері атқарылуға тиіс болады. Ақылы еңбек демалысы секілді жеңілдіктер толық қамтылады. Бұл нормаларды депутаттар да ұсынды, Үкімет те қолдады. Соның арқасында бүгін мақұлданып отыр.