$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты

Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты

Президентке университеттегі инновациялық өнімдер орталығы мен Farabi Hub-тың жоғары технологиялық жобалары таныстырылды. Оның базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен стартап жобалары іске асырылады. Осы арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылып, 20 миллион доллардан астам инвестиция тарту көзделген. Бұдан бөлек, Президентке Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлесе әзірленген микроспутник макеті көрсетілді. Жоғары оқу орындарының ғалымдары онда NKSAT спутнигін жасап жатыр. Осы арқылы жердің тартылыс аумағы мен радиация деңгейін өлшеп, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қашықтан зондтау және оны қолдану технологиясы» зертханасының қызметі де таныстырылды. Бұл кешен Қытай Ғылым академиясымен бірлесе ашылған. Зертханада жасанды жер серіктерінің деректері негізінде Орталық Азиядағы климат және экология өзгерістері зерделенеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына университет базасында орналасқан суперкомпьютер кластері көрсетілді. Кластер күрделі есептеулерді орындау мерзімін айтарлықтай қысқартып, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға ықпал жасайды.