$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді

20.03.2026ж. 11:54
Астанада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz

Астана жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізу орны болып таңдалды.

Бұл туралы World Athletics кеңесінің Торунь қаласында өткен отырысында ресми түрде жарияланды.

Әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 2030 жылы 15-17 наурыз аралығында өтеді.

Сондай-ақ халықаралық федерация басқа да әлем чемпионатының өтетін елдерін атады. Мәселен, 2028 жылы жабық кешендегі әлем чемпионаты Одиша өңірінде өтеді. Ал Қытайдың Хэфэй қаласында 2028 жылы спорттық жүрістен командалық әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2023 жылы Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өткен еді. Сондай-ақ елорда 2024 және 2025 жылдары World Indoor Tour Gold сериясының кезеңдерін қабылдады.