$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Жаңа Конституция заманауи мемлекеттік-саяси модельге көшкенімізді білдіреді" - Е.Қарин

"Жаңа Конституция заманауи мемлекеттік-саяси модельге көшкенімізді білдіреді" - Е.Қарин

Жаңа Конституцияны қабылдау жаңа, заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси модельге көшкенімізді білдіреді. Дауыс беру нәтижелері біздің қоғамның президенттік реформалардың төңірегіне топтасып, тұтаса түсетінін растады.  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграмм каналында осылай деп жазды. Ол жаңадан 5 конституциялық заңды және шамамен 60 кодекс пен заңды қабылдау қажет екенін айтты.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Одан кейін Құрылтай және Қазақстан Халық Кеңесі секілді жаңа институттарды қалыптастыру міндеті тұр. Үшінші, ең басты міндет — жаңа конституциялық қағидаттар мен құндылықтарды қоғамдық санада орнықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу. Бұл дегеніміз, ең алдымен, Тәуелсіздік және Егемендік, Әділетті Қазақстан идеясы, Заң және Тәртіп қағидаттары, бірлік және ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, адами капиталды дамыту, мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтары, еңбекқорлық, прогресс, табиғатқа деген қамқорлық. Осылайша, Ата Заңның қабылдануымен конституциялық, институционалдық және идеологиялық деңгейлерде жаңа қоғамдық әдептің біртұтас мағыналық негізі қалыптасады.