Елде көктемгі су тасқыны қаупі жоғары. Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың мәліметінше, бес өңірге қауіп төніп тұр. Ең жоғары қауіп Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысы аумағында. Бұл өңірлерде 30-дан астам елдімекенді су басу қаупі бар. Қазір тасқынға қарсы жұмыстардың шамамен 82 проценті орындалған, ел бойынша 40 мыңға жуық адам мен 12 мың техника жұмылдырылмақ. Ал су тасқынының алдын алуға 49 млрд теңге бөлінген. Алайда вице-премьер бұл қаржы жеткілікті емес дейді. Айтуынша, су қоймалары мен гидротехникалық нысандардың тозығы жеткен.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазірдің өзінде против паводка жоспарлар орындалды. 8 пайыздай ғана қалды. Тиісті групировкалар, мамандардың саны 40, жалпы Қазақстан бойынша 39 мың адам бар. 12 мың бірлік техника дайын. Тиісті қапшықтар, басқа да дайын өнімдер дайын резервте бар.