$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл басынан бері террористік және экстремистік қылмыс жасаған 17 адам бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
20.03.2026ж. 19:00
Жыл басынан бері террористік және экстремистік қылмыс жасаған 17 адам бас бостандығынан айырылды

Елде жыл басынан бері террористік және экстремистік қылмыс жасаған 17 адам бас бостандығынан айырылды. Олардың бірі - Алматы қаласының тұрғыны. Азамат 2017 жылы халықаралық террористік ұйымдар құрамында ұрыс қимылдарына қатысу үшін шетелге кеткен. 2025 жылы шетелдік серіктестермен бірлескен іс-шара аясында шетелде ұсталып, Қазақстанға арнайы күзетпен жеткізілген. Террористік әрекетке қатысу дерегі бойынша сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы бір Көкшетау қаласының тұрғыны 2013 жылы шетелге кеткен. Интернетте терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған. Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталды. Тағы 4 адам түрмеде жүріп те терроризмді насихаттаған. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мәліметінше, бұл сотталушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.