$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ-та Трамп бейнеленген меретойлық алтын монета жасалып жатыр

20.03.2026ж. 17:31
АҚШ-та Трамп бейнеленген меретойлық алтын монета жасалып жатыр
Фото: АҚШ монета сарайы

АҚШ-тың Бейнелеу өнері комиссиясы АҚШ-тың 250 жылдығына орай Дональд Трамп бейнеленген 24 караттық алтын монета шығаруға дауыс берді.

Монетада Сопақ кабинеттегі Дональд Трамп бейнеленеді, бір жағында «1776», ал екінші жағында «2026» сандары болады, деп хабарлайды NBC News.

АҚШ қазынашысы Брэндон Бич мәлімдемесінде оны «теңдессіз ескерткіш монета» деп атады.

— 250 жылдық мерейтойымыз жақындаған сайын біз еліміз бен демократиямыздың мәңгілік рухын бейнелейтін монеталарды дайындайтынымызға қуаныштымыз. Мұндай монета үшін қазіргі президент Дональд Трамптың портретінен артық символикалық бейне жоқ, — деді АҚШ қазынашысы Брэндон Бич.