$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда қол астындағы қызметкерлеріне дөрекелік танытқан шенді жазаланды

20.03.2026ж. 19:00
Павлодарда қол астындағы қызметкерлеріне дөрекелік танытқан шенді жазаланды

Павлодарда қол астындағы қызметкерлеріне дөрекелік танытқан шенді жазаланды. Облыстық Әділет департаменті бастығының орынбасарының  үстінен әріптестері ұжымдық шағым жасаған. Айтуларынша, ол лауазымдық шенін пайдаланып, қызметкерлеріне аузына келгенін айтыпты. Тіпті, ар намысына тиетін сөздермен балағаттаған.  Шенеуніктің тәртібі өңірдің Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралды. Бірақ, шенді өзінің жаман қылық танытқанын мойындамады. Алайда, кеңес мүшелері оған қатаң сөгіс түріндегі ескерту берді.

РАСУЛ АХМЕДЖАН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕР АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Мәселен, аудиожазбада Сәменқұлов бағынысты қызметкерлеріне дауыс көтеріп сөйлеп, ұжыдағы әріптесінің ар намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол берген. Аталған мәселе бойынша сұралған Сәменқұлов аудижазбадағы дауыс оның дауысына ұқсайтынын мәлімдеп, шамамен 2026 жылдың ақпан, наурыз айларында болғанын атап өтіп, сот орындаушылар қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Әміржанова тарапынан арандату орын алғандықтан, дауыс көтеріп, сөйлеуге мәжбүр болғандығын көрсеткен.