Астанада көлікті айып тұрағына қою мен эвакуациялау енді ақылы болады. Енді тұрғындар темір тұлпарын қайтарып алу үшін қомақты қаржы төлеуге мәжбүр. Эвакуация құны 3 айлық есептік көрсеткіш, яғни 12 900 теңге болып бекітілмек. Ал мамандандырылған тұрақта сақтау ақысы көлік түріне қарай өзгереді. Мәселен, жеңіл көлік иелері алғашқы күнге 3 Айлық есептік көрсеткіш төлейді. Жүк көліктері үшін бұл сома тіпті жоғары. Жүйе 23 наурыздан бастап енгізіледі, ал 15 сәуірге дейін құқық бұзу ескерту ретінде қабылданады. Айыппұл салынбай, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.