$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Smart-Наурыз: Астанадағы отбасылық жарыста жасанды интеллект қолданылды

AstanaTV
20.03.2026ж. 19:00
Smart-Наурыз: Астанадағы отбасылық жарыста жасанды интеллект қолданылды

Наурызнама онкүндігі бойынша, бүгін-ұлттық спорт күні. Осыған орай елордада «Ұлы Дала ойындары» ұйымдастырылды. Биылғы додада ата-баба дәстүрі мен жасанды интеллект мүмкіндіктері тоғысты.  Отбасылық құндылықты дәріптеген бәсеке болды.

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Ұлыстың ұлы күні  Әз-Наурызды тойлау шаралары Ұлттық спорт күні аясында «Ұлы Дала ойындарымен жалғасын тапты. Бүгінгі додаға жалпы саны 15 адамнан жасақталған 9 команда қатысып, бақ сынауда. Білек пен білім ұштасқан тартысты эстафета мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы бағдарламаға жаңа технологиялар мен дәстүрлі спортты ұштастыратын тың элементтер енгізілген

АЗАМАТ БЕЛГИБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ СПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯ БАСШЫСЫ:

Біз «Ұлы Дала Ойындары» атты отбасылық эстафетаны өткізіп жатырмыз. Ол үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең  ұлттық ойын түрлерінен құралған отбасылық эстафета. Екінші кезеңде жасанды интеллект қолданылған ойындар ойнатылады. Үшінші кезең  командалардағы әкелер арасындағы арқан тартыс. Сонымен қатар, бірінші, екінші және үшінші орын алғандарға бағалы сыйлықтар беріледі.

Тек спорттық бәсеке емес, жанұя бірлігін нығайтуды көздеген жарыс бұдан әрі тартысты кезеңдермен жалғасты. Әсіресе, әкелер мен балалар арасындағы ауызбіршілік көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

САЯБЕК НҰРТАЗИН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Осындай іс шараға бірінші рет қатысып отырмыз, отбасы деген. Өзіммен қызымды алып келдім.Қызыммен бірге жарысқа қатысайын деп жатырмыз. Жарыс өте қызықты өтеді деген үміттеміз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай отбасылық жарыстар алдағы уақытта дәстүрге айналмақ. Өйткені бұл тек спорттық бәсеке емес, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңірудің таптырмас жолы.