$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістанда бір мезетте мың бала асық ойнады

Түркістанда бір мезетте мың бала асық ойнады

Ұлттық спорт – өткеннің мұрасы ғана емес, болашақтың қуатты тірегі. Түркістанда бүгін бір мезетте мың бала асық ойнады. «Түркістан арена» стадионында өткен бұл іс-шара ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталып, тарихи рекорд ретінде тіркелді. Адамды мергендікке, ептілікке және шыдамдылыққа баулитын көнеден келе жатқан ойынға 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жаппай қатысты. Шара барысында Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы сертификатты табыстап, тарихи жетістікті ресми түрде растады. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған   бастама эстафета ретінде Шымкент қаласына жолданды. Айта кетейік,  Наурызнама аясындағы Ұлттық спорт күні биыл Түркістан төрінде айрықша ауқымда атап өтілді. Мереке тек салтанатты шаралармен шектелмей, ұлт рухын жаңғыртатын, ата дәстүрді дәріптейтін ірі спорттық оқиғаларға ұласты. 

ЭЛЬМИРА ЖАНҒАЗИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ:

Балаларға бір уақытта ойнап үйрету, асық ойыныны шақыру жастарды, балаларды жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру , сонымен қатар  асық ойнау бұл  бала кезден балаларды бірлікке, татулыққа бір бірін дос болуға шақырады. Сол мақсаттарда біз осы шараны ұйымдастырып отырмыз.